Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орны анықталды
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz
03.04.2023 22:00
752
Майами мастерс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина 7-орнында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Юлия Путинцева 47-інші, Жібек Құламбаева 441-інші, Гөзал Айнитдинова 450-сатыда келеді.
Жұптық сында Анна Данилина 27-орнын сақтады.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 48-ден 56-ға сырғыса, Тимофей Скатов 155-тен 144-ке көтерілді. Денис Евсеев те жағдайын жақсартты, ол 302-орынға жайғасты. Бейбіт Жұқаев 343-тен бірден 315-ке жоғарылады.
Жұптық сында Андрей Голубев 68-інші, Александр Недовесов 70-сатыда тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 73 адам қызылша жұқтырды
Келесі жаңалық
Елімізде ерінбеген адамға жұмыс көп – 4 тіл білетін күзетші