Қазақстандық теннисші Зара Дәркен алғаш рет WTA 250 турнирінде ойнайды

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі
15.07.2023 03:37
860
15 жастағы Зара Дәркен Италияның Палермо қаласында өтетін жарыстың іріктеу сайысына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, турнир ұйымдастырушыларынан арнайы шақырту (wild card) алған, ITF жасөспірімдер рейтингісінде 824-орында тұрған қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының алғашқы айналымында әлемнің 316-ракеткасы, нидерландылық Ева Веддермен шеберлік таластырады.
Жүлде қоры 259 мың АҚШ долларына бағаланған Палермо WTA 250 додасы 17-23 шілде аралығында өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді