Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың ширек финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
06.02.2025 22:44
583
Қазақстандық теннисші, әлемнің 202-ракеткасы Тимофей Скатов Ченнай (Үндістан) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 225-орында тұрған ресейлік Аслан Карацевпен бетпе-бет келді. Тимофей Скатов 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы ұлыбританиялық Билли Харриспен кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Халықаралық автотуризм картасында маңызды орын алды
Келесі жаңалық
Канадада жаңа премьер-министр сайланды