Қазақстандық теннисші Үндістанда өткен турнирде жеңімпазы атанды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
20.03.2023 01:13
753
Үндістанның Дехрадун қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жас спортшылар финалда бас жүлдені өзара бөлісті.
Жекелей сында 15 жасар Альбина Кәкенова өзінен бір жас үлкен Анастасия Крымкованы 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, ITF Juniors додасындағы алғашқы титулына қол жеткізді.
Ал А.Крымкова жұптық сында финалда Сәтима Төрегенмен бірге А.Кәкенова – Ариана Гогулинадан басым түсті.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өткен ITF турнирінде финалға дейін жетіп, онда Польша өкілі Каспер Жукқа есе жіберді – 4:6, 4:6.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Социс-А» институты жүргізген Exit poll нәтижесі шықты
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды