Қазақстандық теннисші Сербияда жеңіске жетті
![Қазақстандық теннисші Сербияда жеңіске жетті Қазақстандық теннисші Сербияда жеңіске жетті](/storage/storage/element/2023/05/28/mainphoto/52112/1200xauto_piMaoddxnTObl1m5c3yjrrT8fECDpra3oWdKmbPa.png)
Фото: © Оlympic.kz
Фото: © Оlympic.kz
29.05.2023 04:14
524
Қазақстандық Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен ITF W15 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің 447-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 771-сатыда тұрған грекиялық Элени Христофимен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Осылайша, Жібек Құламбаева чемпион тұғырына көтерілді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)