Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
09.12.2023 10:08
834
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өтіп жатқан ITF турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жұптық сында жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген Григорий Ломакин мен украиналық Вадим Урсу жартылай финалда германиялықтар Тим Руехл – Макс Вискандпен кездесті.
Тартысты өткен матчтың бірінші партиясында германиялық жұп тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6 (7:5).
Дегенмен екінші сетте қазақстандық-украиналық дуэт таразы басын теңестірді – 6:3. Ал супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:6.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қырғыз елінде жыл басынан бері 14 сәби тастанды атанды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты