Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Иранда чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Иранда чемпион атанды
Фото: Olympic.kz 18.06.2023 01:19 577

Қазақстандық Григорий Ломакин Иран астанасы Тегеранда өткен ITF M15 жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Г. Ломакин мен ресейлік Егор Агафонов финалда үндістандықтар Ишаке Экбал – Яш Чаурасиямен кездесті.

Ойын 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.

Г. Ломакин жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, онда ресейлік Денис Клокқа есе жіберді – 1:6, 2:6.

Григорий Ломакин жұптық сында ATP Live рейтингісінде 247-ден 246-орынға көтерілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға