Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
02.05.2025 12:09
214
Қазақстан құрамасының теннисшісі Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Құламбаева мен латвиялық Дарья Семениста ширек финалда Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери мен жапониялық Эри Ходзумиден басым түсті.
Кездесу нәтижесі: 6:3, 1:6, 10:7.
Жартылай финалда Құламбаева мен Семенистая жапониялық Нао Хибино және ресейлік Виталия Дьяченко жұбымен кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да 13 үйдің ауласына су кірді