Қазақстандық теннисші Аустриядағы жарыстың финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А. Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда португалиялық Франсишку Кабраль - бразилиялық Рафаэль Матоспен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда португалиялық-бразилиялық жұп басымдылық танытты - 6:4. Есесіне бұдан кейін Недовесов пен Эскобар камбэк жасап, жеңісті жұлып алды - 6:3, 10:7.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық-эквадорлық дуэт 6 эйспен бірге 2 брейк-пойнтты мүлт жіберген жоқ. Кабраль мен Матос 3 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобардың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
