Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
03.11.2023 16:25
786
Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы Шарлотсвилл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 517-ракеткасы, испаниялық Иньяки Монтес де ла Торремен кездесті.
Бейбіт Жұқаев 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 51 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.
Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 284-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Дәулет Мұқаев халыққа қаржылық сауаттылыққа қатысты кеңес айтты
Келесі жаңалық
Қазақ елі Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды