Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
04.03.2024 14:31
1014
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада Дубай АТР 500 турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик рейтингіде 23-тен 20-ға көтерілді.
Бұл — оның спорттық жолындағы ең үздік, рекордтық көрсеткіші.
Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 47-ден 51-ге сырғыса, Тенерифе (Испания) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 165-тен 140-қа жоғарылады.
Денис Евсеев 179-дан 180-ге, Бейбіт Жуқаев 190-нан 191-ге түсіп қалды. Дмитрий Попко 309-дан 276-ға, Тимофей Скатов 272-ден 269-ға шықты.
Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 45-ке көтерілсе, Андрей Голубев 70-тен 71-ге төмендеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2024 жылғы ораза кестесі шықты
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді