Қазақстандық танымал дирижер өмірден өтті

Фото: kaztheatre
Фото: kaztheatre
08.04.2025 16:21
761
Мәдениет саласының үздігі, Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған дирижер Маралжан Мырзақұлова өмірден өтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі жеткізді.
Маралжан Мырзақұлованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Маралжан Мырзақұлова — өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады, - деп жазды театр әкімшілігі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ердоған оппозиция жетекшісін сотқа берді
Келесі жаңалық
Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды