Жаңалықтар

Қазақстандық танымал әнші шетелде қара тізімге енді

Қазақстандық танымал әнші шетелде қара тізімге енді
Фото: youtube.com/@jazzdauren 22.02.2025 23:49 292

«Дарите женщинам цветы» және «Песни на кассете» хит әндерімен танымал болған қазақ әншісі Жандәурен Аблаевқа Латвияға кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Латвияның сыртқы істер министрі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандық әнші Даугавпилстегі концертте өнер көрсетуі керек болған. Бұл туралы министр Байба Браже X әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, 20 жастағы Абаевқа «Иммиграция туралы» заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға кіруге мерзімсіз тыйым салынды.

Заңның бұл бабында, егер құзыретті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді немесе Латвияға кірген кезде құқық қорғау органдарының қылмысты ашу жөніндегі жұмысына кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауына негіз болса, шетелдікті «қара тізімге» енгізуге болады делінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға