Қазақстандық тағы бір спортшы UFC-де өнер көрсетеді

Фото: OCTAGON
Фото: OCTAGON
31.01.2024 13:34
1183
26 жастағы қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа отырып, әлемнің үздік лигасында аса жеңіл салмақта өнер көрсететін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жуық арада қарсыласы мен жекпе-жек уақыты анықталады.
Бекзат OCTAGON-дағы барлық айқасын мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Алмаханның еншісінде тоғыз жеңіс бар, ММА-дегі рекорды – 17-1.
Біз соңғы тоғыз айда OCTAGON-дағы екінші спортшымыздың UFC-мен келісімге келгенін мақтан тұтамыз. Бұл OCTAGON-ның Орталық Азия өкілдері үшін нағыз арман орындалатын алаңға айналғанын дәлелдейді, - делінген жобаның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бекзат та Азат Мақсұм секілді отандық танымал маман Дәнеш Дүнгебаевтың қарамағында жаттығады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті