Қазақстандық тағы бір боксшы әлем чемпионатында жеңілді
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
09.05.2023 23:21
988
Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ташкенттегі (Өзбекстан) аламанның 1/8 финалында Райыс (75 келі) бразилиялық Вандерлей Перейрамен кездесіп, қарсыласына жол берді.
Осылайша Нұрқанат әлем чемпионатын аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, ол бұған дейін доминикандық боксшы Виргилио де лос Сантос Дельгадоны жеңген.
Қазақстан құрамасы сапында алтыншы боксшы 2023 жылғы әлем чемпионатын медальсіз аяқтады.
Айта кетейік, Райыс – Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Былтыр ол Аммандағы (Иордания) құрлықтық біріншілікте екінші орыннан көрінген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасында тағы газ алауы жанды
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті