Қазақстандық таеквондошылар Сербияда бес медаль жеңіп алды
Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: kaztkd.kz
Фото: kaztkd.kz
31.10.2022 21:30
2036
Сербия астанасы Белград қаласында таеквондодан Serbia Open G-2 рейтинг турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29-30 қазан аралығында өткен жарыста қазақстандықтар бір алтын, екі күміс және екі қола медаль еншіледі.
Жеңімпаз бен жүлдегерлер:
1-орын:
Ғазез Нұрбек, 58 кг
2-орын:
Елжан Елшібай, 58 кг
Әділет Базарбаев, 63 кг
3-орын:
Айдана Құмартаева, 46 кг
Эльдар Бірімбай, 68 кг.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ертең тұман түсіп, көктайғақ болады
Келесі жаңалық
Наурызнама: Бүгін Шаңырақ күні атап өтіледі