Жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы үшінші орыннан көрінді

Қазақстандық таеквондошы үшінші орыннан көрінді
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы 28.09.2023 13:49 631

Азия ойындарында таеквондошылар қоржынға екінші қола медальді салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл жолы Смайыл Дүйсебай Қазақстан құрамасына жүлде сыйлады.

Жартылай финалда жерлесіміз қытайлық Джаохианг Сонгке 0:2 есебімен есе жіберпі, Азия ойындарында үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұған дейін 67 келіден жоғары салмақта Жансель Дениз де қола медаль иесі атанған болатын. Жансель жартылай финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Ли Да Биннен жеңілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға