Қазақстандық таеквондошы Люксембургтегі турнирде жеңіске жетті

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
11.06.2024 04:33
788
Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров Люксембургте өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирден алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
63 келіде сынға түскен отандасымыз турнир брысында қарсылас шыдатқан жоқ. Ол барлық қарсыласынан айласын асырды.
Бұл спортшының Азия аймақтық лицензиялық турнирден кейін қатысқан алғашқы бәсекесі.
Айта кетсек, Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасында 58 келі салмақта бақ сынайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда Қопа көлінің жағалауы бойында жол құрылысы басталды
Келесі жаңалық
Салық қызметі салтанатты тойларды тексере бастады