Қазақстандық таеквондошы клубтық Азия чемпионатында топ жарды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
30.04.2025 09:37
126
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы ашық Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова чемпион атанды. 87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан күміс медаль иеленді.
Альтаир Өмірбеков (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) және Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Клубтар арасындағы Азия чемпионатына 14 елден 219 спортшы қатысуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада велосипед ұрлаған ер адамның ісі әшкере болды
Келесі жаңалық
Жұмысшы мамандықтары жылы: Қандай жобалар қолға алынады?