Жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Қазақстандық таеквондошы халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы 23.04.2025 23:46 212

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали President’s Cup - Asian Region турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан President’s Cup - Asian Region халықаралық турнирі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде 74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Батырхан Төлеуғали Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды. Жарысқа екінші айналымда қосылған ол жартылай финалға дейін екі кездесу өтізді. Алғашқы кездесуінде  Ким Чжебомнан (Оңтүстік Корея), ширек финалда Ван Го Циннен (Қытай) басым түсті. Алайда жартылай финалдық кездесуде Пак Чунсанға есе жіберіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетерлігі, Батырхан Төлеуғали President’s Cup - Asian Region жарысының қола жүлдесімен қатар, 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына Қазақстанға қосымша жолдама сыйлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға