Жаңалықтар

Қазақстандық студент әлемдегі жоғары зияткерлік лигаға қабылданды

Қазақстандық студент әлемдегі жоғары зияткерлік лигаға қабылданды
Фото: ©Назарбаев зияткерлік мектебі 19.05.2023 21:09 1080

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлегі Антон Моргунов Phi Beta Kappa қоғамының мүшесі атанды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетерлігі, Phi Beta Kappa Society – АҚШ-тағы ең көне құрметті студенттер қоғамы. Білім алушылар үшін ең жоғары марапат саналатын бауырластыққа орташа есеппен 100 үміткердің біреуі ғана мүше бола алады.

Антон ел тарихында америкалық бес үздік жоғары оқу орны – Гарвард, Стэнфорд, Колумбия университеттері мен Массачусетс және Калифорния технологиялық институттарынан шақыру алған бірінші қазақстандық. Оның таңдауы MIT-ге түсіп, бүгінде беделді білім ордасын аяқтады.

Мектеп қабырғасында ол химиядан халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері атанды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ Антон – «El Maqtanyshy» сыйлығының иегері, оқушыларды пәндік олимпиадалар пен жобалық жұмыстарға дайындайтын «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының негізін қалаушы. Биыл Alumni NIS өткізген «SAMGAU» форумында Антон жас зияткерлерді білім жолында аянбай еңбек етуге шақырып, тәжірибесін бөлісті, шабыт берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға