Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар бір аптада қандай жетістіктерге жетті

Қазақстандық спортшылар бір аптада қандай жетістіктерге жетті
Фото: Туризм және спорт министрлігі 27.01.2025 12:57 410

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері жайлы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіл атлетика: Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold сериясы аясында өткен Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде отандастарымыз екі қола жүлде жеңіп алды.

Универсиада-2025: Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасының студенттері 14 медаль (3 алтын, 4 күміс, 7 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте 12-орынға ие болды.

Фристайл-могул: Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер күресі: Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан Иван Ярыгин мемориалында біздің палуандар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.

Жағажай волейболы: Шри-Ланкадағы Негомбо қаласында мәресіне жеткен жағажай волейболынан орталық Азия аумағының чемпионатында Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жұбы топ жарса, ерлер арасында Кирилл Гурин мен Абдулмаджид Мұхаммад жұбы қола жүлдегер атанды.

Каратэ: Франция астанасы Парижде аяқталған WKF каратэден Премьер-лига 1 санатындағы жарыста біздің спортшылар 5 медаль жеңіп алды.

Конькимен жүгіру: Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңінде командалық спринтте бақ сынаған Кристина Силаева, Дарья Важенина мен Надежда Морозова үштігі 1:26.36 секунд уақыт көрсеткішімен қола медаль еншіледі.

Теннис: Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінде үздік шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға