Қазақстандық спортшылар 4 құрлық чемпионатында тағы 3 жүлдеге қол жеткізді
Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіруден ІІІ рет өтіп жатқан 4 құрлық чемпионатының 2-жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы 1500 метрге жарыста Надежда Морозова жеңімпаз атанды. Ұлттық құрама көшбасшысы бұл қашықтықты 1:56.378 секундта бағындырды. Ал Надеждадан бір секунд қалып кеткен тағы бір қазақстандық Екатерина Аидова күміс жүлдеге ие болды (1:57.528). Жүлдегерлер тізімін канадалық спортшы түйіндеді.
Ал ерлер арасында осы қашықтықта Дмитрий Морозов күміс медальге қол жеткізді (1:46.30). Қазақстандық топ жарған канадалық Антуан Желина-Больёден сәл қалып кетті. Қола тағы бір жарыс қожайыны Джейк Вайдеманның еншісінде кетті. Тағы бір Ұлттық құрама мүшесі Демьян Гаврилов 6-сатыда қалды.
Айта кетейік, мұнда Қазақстан, АҚШ, Жапония, Канада, Қытай мен Оңтүстік Кореяның үздік спортшылары сынға түсті.