Қазақстандық спортшы Жапонияда іріктеу кезеңінің финалына шыға алмады

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
29.07.2023 18:20
1022
Қазақстандық Әділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына қатысты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Өкінішке қарай отандасымыз 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуден турнирдің финалына өте алмады.
Жартылай финалда Мусин жетінші болды. Ол 51,81 секунд уақытта жүзіп келді. Нәтижесінде өз өнерін 14-ші орында аяқтады.
Айта кетейік, ол квалификацияда Қазақстан рекордын орнатқан болатын.
Бөлісу:
