Қазақстандық спортшы ММА бойынша әлем чемпионы атанды
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде 12-17 жас аралығындағы жаcөспірімдер арасында ММА-дан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа 46 елден 653 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер құрамасының 35 мүшесі қорғайды.
Оқи отырыңыз:
- БҚО-да қарияны өлім аузынан құтқарған азамат марапатталды
- Елордада 200 дана сыра ұрлаған ер адам ұсталды
Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша 40 келіге дейінгі салмақта Маңғыстау облысының өкілі Еркебұлан Иманғали әлем чемпионы атанды. Ол финалда ливандық спортшы Омар Антармен кездесті. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
Тағы бір жүлдегер – Түркістан облысының спортшысы Орынбасар Пердебек 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды. Қазақстандық спортшы Украина мен Болгария өкілдерін жеңді. Жартылай финалдық кездесуде әлем чемпионы атанған Польша өкілі Ксавер Мосингтен төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.