Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан Әлем кубогында топ жарды

Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан Әлем кубогында топ жарды
Фото: ҚР Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығы 06.06.2023 13:10 802

20-24 мамыр аралығында Бангкокта джиу-джитсудан Әлем кубогы өтті.

Мәлік Байсұлтанов өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. ҚР Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төрт күн ішінде әлемнің 12 елінен жиналған спортшылар өзара кім  мықтыны анықтаған болатын. 62 келіге дейінгі санатта Мәлік Байсұлтанов төрт кездесу өткізіп, барлық қарсыласын жеңді.

Мен 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түстім. Татамидегі қарсыластарымның бәрі «сен тұр, мен атайын» деген жігіттер. Мынадай мықты қарсыластармен жекпе-жекке шығуым бірінші рет емес. Бүгін аз атымнан ғана емес, бүкіл елімнің атынан шықтым, - деді Мәліктің өзі.  

Ефрейтор Байсұлтанов қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде жедел мақсаттағы батальон бөлімшесінде аға маман (аға жүргізуші) лауазымын атқарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға