Қазақстандық спортшы байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионы атанды

Фото: instagram.com/drs_kz
Фото: instagram.com/drs_kz
10.07.2023 09:36
1221
Руфина Искакова байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Италияның Ауронцо-ди-Кадоре қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты жалғасуда.
Қазақстандық Руфина Искакова 23 жасқа дейінгілер арасында С-1 санатында 5000 метрлік сайыста 30:18.59 секунд көрсеткішпен үздік атанды.
Молдавиялық Елена Глизан күміс жүлдеге ие болса, Иран өкілі Хадие Хейрабади үздік үштікке енді.
Сонымен қатар отандасымыз Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасында С-1 санатында 200 метрге жарысудан мәре сызығына екінші болып жетті.
Айта кетейік, додаға 65 елден 938 спортшы қатысып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астана күні Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді