Жаңалықтар

Қазақстандық сноубордшы Қырғызстанда қайтыс болды

Қазақстандық сноубордшы Қырғызстанда қайтыс болды
Фото: Pixabay.com 28.02.2025 19:09 170

Қырғызстанның «Қаракөл» тау-шаңғы базасында қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 27 ақпанда болған. 24.kg мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалып, мәселенің мән-жайы анықталуда.

Оқиға орнында жергілікті полиция жұмыс істеп жатыр.

Мамандар пікірінше, Қазақстанның 43 жастағы азаматы сноубордпен сырғанап жүріп, өзінің досымен соқтығысып қалған. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Белгілі болғандай, марқұм тәжірибелі сноубордшы болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға