Қазақстандық шаңғышылар әлем кубогының кезеңіне қатысады

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
31.01.2025 17:32
884
31 қаңтарда Италияның Конье қаласында шаңғы жарысынан әлем кубогының кезеңі басталады. Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бапкерлік штаб бұл жарысқа екінші және үшінші құрамдағы спортшыларды қосқан, өйткені ұлттық құрама көшбасшылары қазіргі уақытта 2025 жылғы Азия ойындарына дайындықтың соңғы кезеңінде. Олар 4 ақпанда Харбинге жол тартады.
Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан атынан Елизавета Толмачева, Лаура Кинебаева, Ернұр Бексұлтанов, Дидар Қасенов және Сұлтан Базарбеков сынға түседі.
Жарыстар 2 ақпанға дейін жалғасады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
5 минуттық макияж: Тез әрі оңай бояну жолын білесіз бе?
Келесі жаңалық
Биыл 13 мың шақырым жол жөнделеді