Жаңалықтар

Қазақстандық сериалдарға креатив керек – Александр Аксютиц

Қазақстандық сериалдардың табысқа жету сырлары туралы
Қазақстандық сериалдарға креатив керек – Александр Аксютиц
Фото: oqu.news 28.10.2022 09:58 1791

Елордада Astana Media Week өз жұмысын жалғастыруда. Медиаапталық спикерлер талқыға салған тақырыптарының бірі – отандық сериалдарды шығару. Соңғы бірнеше жылда қазақстандық ТВ және желілік сериалдар елімізде ғана емес, әлем бойынша да көрермендердің жүрегін жаулап алғаны белгілі.   

Телеарналар мен продакшн студияларының беталысы, қаржыны қалай жинап, рейтингін қалай көтеретінін білу медиа менеджерлерді ерекше қызықтырады.

El.kz тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып, Александр Аксютиц қазақстандық сериалдардың табысқа жету сыры жәй ғана көрермендердің қалағанын көрсету екенін баса айтты. 

– Біз бұл сериялдарды көше тілінде шығарамыз. Теледидар арқылы көрсетілетін өнімнен ең маңызды айырмашылығы осы. Біз аудиториямен басқа тілде сөйлесеміз. Көрермендер, өкінішке орай, Абай мен Пушкин тілінде сөйлемейді. Біз жастарды бұзбаймыз, сериялдарымыз арқылы Абай мен Пушкиннің шығармаларындағы құндылықтарды жеткіземіз. Мұны тек біз аудиторияға түсінікті тілде айтамыз. Үлкен бұқаралық ақпарат құралдарының басты кемшілігі - олар көбінде аудиториямен байланысын жоғалтады. Біз мұны өзгертіп жатырмыз.

– Сериалдың табысқа жету тәсілі неде деп ойлайсыз?

– Біріншіден, өзекті мәселені, яғни қоғамды толғандыратын мәселе туралы айту керек. Екіншіден, креатив, онсыз мүмкін емес. Креативтің жарқын мысалы «Аппақ келін» Salem Social Media сериалы. Бірінші серияның YouTube-тегі қаралымы 3 миллионға жетті. Балағат сөздері жоқ отбасылық фильм, бірақ автор ауыл тұрғындарының өмірін креативті түрде ұсынудың тәсілін тапты.

– Сериалдарымыздың  негізгі үш мәселесі қандай?

– Бұл қаражат тапшылығы, креативтің, динамиканың аздығы. Netflix-тің өзі бізден тек бюджетімен ерекшеленеді. Егер әлемдік сериял индустриясын алсақ, Қазақстан ешбір жағынан кем түспейді. Біздегі ақша тапшылығына қарамастан, креативтің арқасында қазақтар ТМД-да  танымал екендігі даусыз. Ресейліктер бір серияға бізбен салыстырғанда он есе көп ақша салады, бірақ біздің қаралымымыз көп. Аудиториямыз көбейіп, қазақ сериалдарын бағалайтын болды. Сонымен қатар жастарымыз үлгі аларлықтай өте талантты.  Сондай-ақ көрерменді қазақ колориті қызықтырады. Ең бастысы, жастарымызға қолдау көрсетсек, бізді әрқашан таңқалдыратын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға