Жаңалықтар

Қазақстандық сайттарға ақпараттық шабуыл жалғасып жатыр

Еліміздегі танымал сайттардың бірі - Ulysmedia.kz порталына шабуыл жасалды
Қазақстандық сайттарға ақпараттық шабуыл жалғасып жатыр
Фото: ult.kz 18.01.2023 20:00 1136

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Ақпараттық шабуыл жалғасып жатыр. Ulysmedia.kz порталына жасалған хакерлік шабуыл туралы әріптесім Самал Ибраеваның жазбасын оқыдым. Қазір министрлік тиісті органдармен бірлесіп, бұл ақпараттық шабуылдың мән-жайын тексеріп жатыр. Әріптесім Samal Ibrayevaмен телефон арқылы сөйлестім. Министрлік редакцияға көмек көрсетуде. Бұл шабуылдың артында тұрған азаматтар анықталып, тиісті іс-шара қолданылады деп сенеміз" - деп жазды министр Дархан Қыдырәлі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға