Қазақстандық сарбаздар енді борышын жақын аудандарда өтей алады
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
29.10.2023 19:09
998
Енді әскерге шақырылушылар қай жерде қызмет ету керектігін таңдау құқығына ие болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар енді көрші аудандарда әскери борышын өтей алады. Мысалы, Павлодар облысының әскерге шақырылушылары Өскеменде немесе Семейде қызмет ете алады.
Яғни әскерлерді жеке құраммен толықтыру әскери бөлімдер мен құрамалар орналасқан (қалыптасқан) аудандардан тыс тұратын әскерге шақыру контингенттері есебінен жүзеге асырылады. Бірақ биыл қараша мен желтоқсан айлары аралығында және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жасақталған кезде ғана эксаумақтылық қағидаты өз саласының құзыретінде болады, - делінген баспасөз хабарламасында.
Осылайша әскерилер әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының пікірлерін ескерді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да бір ай ішінде жер үйлердегі пеш ақауынан 8 өрт шықты
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды