Жаңалықтар

Қазақстандық садақ атушылар алғаш рет әлем кубогінде чемпион атанды

Қазақстандық садақ атушылар алғаш рет әлем кубогінде чемпион атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 22.06.2024 20:10 543

Қазақстандық садақ атушылар әлем кубогінің аралас сайысында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Садақ атудан Антальяда (Түркия) өткен әлем кубогының үшінші кезеңінде блоктық сайыс бойынша аралас жұптық бәсекеде өнер көрсеткен Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова финалдық сайыста Ұлыбритания командасынан басым түсті. Екінші орынға Ұлыбритания спортшылары ие болса, Италия садақ атушылары үшінші орынды қанағат тұтты.

Отандасымыз Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова жұбы санаулы күн бұрын ғана Оңтүстік Кореяда өткен Азия кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болған еді.

Жалпы Қазақстан блоктық садақ атудан өз тарихында әлем кубогінің кезеңдерінде екінші рет жүлде алды. Бұған дейін сәуір айында әйелдер құрамасы командалық сайыста қола жүлдегер атанған. 

Айта кетейік, Андрей Тютюн әлемдік рейтингте 19-орынға, ал Адель Жексенбинова әлемдік рейтингте 51-орынға ие спортшы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға