Қазақстандық құлағы естімейтін бишілер театры қытайлықтарды тәнті қылды

Солтүстікқазақстандық "Sensitive" құлағы естімейтін бишілер театры Қытайдағы халықаралық байқау-фестивальда триумф жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұжым өз тарихында алғаш рет бірден үш Гран-при жеңіп алып, үш номинацияда үздік атанды: халықтық стильдегі би, заманауи хореография және оригиналды жанр.
Бұл — зор жетістік, әр адамды шабыттандырып, мақтаныш сезіміне бөлейтін жеңіс! Жетекшісі Ольга Ростовщикова мен ұжымға жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер мен сарқылмас шабыт тілеймін!", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.
Айта кетсек, өнер додасына Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария және Ресейден 700-ден астам қатысушы қатысты.
"Sensitive" бишілер театры Қазақстан атынан қатысқан жалғыз ұжым болып, еліміздің абыройын жоғары деңгейде қорғады.
