Қазақстандық полицей әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
07.12.2024 18:50
480
СҚО ПД ЖҚАЖ командирі Самат Жантасов 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Миколувта (Польша) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында 77 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнирге 15 елден спортшылар қатысты. Самат — джиу-джитсу бойынша спорт шебері. 2010 жылы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанса, 2016 және 2022 жылдары джиу-джитсу мен панкратионнан ел чемпионы атанды. Польшадағы бұл жеңіс оның спорттық мансабындағы ең ірі жетістіктерінің бірі болып есептеледі.
Чемпионды елге оралған соң СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдинов құттықтап, Саматтың өз әріптестеріне үлгі болып жүргенін ерекше атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үш боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты
Келесі жаңалық
Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі ашылды