Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар географиядан еуропалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар географиядан еуропалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 30.06.2023 22:12 844

Белград қаласында (Сербия) әлемнің 9 елінен 98 оқушы қатысқан еуропалық географиялық олимпиада (Igeo) аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оған 6 оқушыдан тұратын Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысып, 6 медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті. Олар:

Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11 сынып оқушысы – алтын медаль;

Аида Дәулетова – Астана қаласының НЗМ 11 сынып оқушысы – күміс медаль;

Қанат Серікбай – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – күміс медаль;

Әрсен Сыдықов – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;

Әлихан Қалмағамбетов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;

Сабыр Жомарт – Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы – қола медаль.

Еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиада жазбаша тестілеу, мультимедиялық тест және далалық турды қамтиды. Тапсырмалар тек ағылшын тілінде берілді, – дейді топ жетекшісі Абай Дүйсен.

Айта кетейік, өткен жылы құрама команда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға