Қазақстандық мұнай шетелге заңсыз шығарылып отырған

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
20.07.2023 20:30
928
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы шығару арнасының жолын кесті.
Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ҰҚК.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Төтенше жағдайлар министрі саланы қалай өзгертетінін айтты
Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді