Қазақстандық могулшылар әлем чемпионатында екі мәрте үздік ондыққа енді

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
20.03.2025 01:03
219
Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-могулдан әлем чемпионатының жарыстары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлем чемпионатының негізгі жарыстарына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алған еді. Жарыс нәтижесінде Павел Колмаков пен Анастасия Городко оныншы орынға ие болды, ал Юлия Галышева 14-орынмен жарысты аяқтады.
Ерлер арасында жапондық Икума Хоришима жеңіске жетті. Күміс жүлдені канадалық Микаэль Кингсбери алды.
Бөлісу:
