Жаңалықтар

Қазақстандық конькиші Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді

Қазақстандық конькиші Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді
Фото: ҚР ҰОК 02.02.2025 05:04 122

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дауранова 1000 метр қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесіп, алтын жүлдеге ие болды. Бұл қашықтықта күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигль, ал қола медальді норвегиялық Инна Накен иеленді.

Қазақстандық Арина Ильященко қола медальға бір қадам жетпей, төртінші орын алса, Алёна Лифатова бесінші нәтиже көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға