Жаңалықтар

Қазақстандық компания Ресейге дрон жеткізіп отырғаны рас па? Министр жауап берді

Қазақстандық компания Ресейге дрон жеткізіп отырғаны рас па? Министр жауап берді
Фото: primeminister.kz 24.05.2023 12:05 803

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандық компания Ресейге 500 дрон жіберді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Егер біз оны көретін болсақ, әрине, тиісті шаралар қабылданады. Бізде тиісті келіссөздер бар. Сол келіссөздер бойынша бізге ақпарат келіп түссе, біз ондай тауарларды жібермейміз. Жалпы, кез келген кәсіпкерді ұстап, оны қандай да бір тәртіп бұзушы ретінде қарастыра алмаймыз. Сондықтан аталған компания бойынша нақты зерттеу жүргізіп, ақпаратты тексеріп көрейік. Олар қаншалықты қауіп төндіреді немесе санкциялық қаупі бар екені тексеріледі, - деді министр.

Министр соғыс болып жатқан жерден қандай да бір қазақстандық компанияның тауарларының қалдықтары табылған жағдайда, олардың тізімін жасап жіберетінін айтты. Дегенмен ол тізімде дрон тасымалдаған қазақстандық компанияның жоқ екеніне тоқталды. 

Еске сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық «Аспан Арба» компаниясы Ресейге дрон жеткізіп отырғаны туралы ақпарат таратқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға