Жаңалықтар

Қазақстандық компания неміс стартапына инвестиция құйды

Қазақстандық компания неміс стартапына инвестиция құйды
Фото: EA Group 17.10.2024 18:53 98

EA Group инвестициялық холдингі өзінің алғашқы халықаралық инвестициясын қызмет көрсету және финтех нарығын ұштастырып жүрген A4ord неміс стартапына құйды. Холдинг стратегиялық инвестор атанып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

A4ord – бұл саяхаттаушылар, экспаттар мен жергілікті тұрғындарға арналған қызметтер маркетплейсі. Сервис қызмет ұсынушылар мен тұтынушыларды біріктіріп, онлайн-брондау мен қызмет ақысын төлеуге қолайлы платформа ұсынады.

A4ord сервисі қабылдау уақыты айлап созылып кететін, «Termin» деп аталатын проблеманы шешуге, сонымен қатар Еуроодақтағы саны көп, бірақ, қызмет аз көрсетілетін экспаттар қауымдастығының сұранысын қанағаттандыруға бағытталып отыр. A4ord Германия, Испания, Португалия, Австрия және Грекияда жұмыс істейді. Болашақта жаңа елдердің нарығына шығу қарастырылуда.

Қазақстандық EA Group инвестициялық холдингі A4ord-тың стратегиялық инвесторы атанды. Инвестиция көлемі нақты айтылмайды, дегенмен, ол қаржы A4ord сервисінің еуропалық нарықта кең таралуына мүмкіндік береді. Қаржы команда құрамын кеңейтуге және сервис қызмет көрсететін елдердегі маркетингке бағытталмақ.

Еуропадағы қызмет көрсету нарығында өсу мүмкіндігі мол, және біз A4ord командасының тәжірибесі мен біздің қолдауымыздың нәтижесі осы нарықтан едәуір орын алатынына сенімдіміз. Бұл келісім – біздің алғашқы толық халықаралық инвестициямыз. Бұл инвестиция алдағы уақытта қаржылай серпім ғана емес, EA Group жаһандық экспансиясының баспалдағы болады деп күтеміз, – деді EA Group СЕО Ерік Әубәкіров.

Платформа негізгі алты топ бойынша қызмет ұсынады: балалар, үй жануарлары, денсаулық/әсемдік, жеке даму және экспаттар. Қолданушылар қызмет көрсетудің қолжетімді уақыты мен орнын жылдам таңдай алады. Ал қызмет ұсынушыларда, өз кезегінде, жаңа клиенттер пайда болады. Басқа осындай қызметтерге қарағанда A4ord провайдерлерге маркетинг қолдауын көрсетеді.

Біз дұрыс қолданылатын технологиялар күнделікті өмірімізді жақсарта алатынына сенеміз. A4ord жобасында дәл осы бағытта жұмыс істейміз. Қызмет ұсынушылар өздерінің вэб-сайттарын құрып, оның жұмысын жүргізіп, маркетинг кампанияларын өткізудің орнына, қабылдауға жазып, төлемдерді өңдеудің орнына бар назарын клиенттермен жұмыс істеуге аудара алады. Көптеген басқа платформалардан айырмашылығы сол – A4ord мықты маркетинг командасы жаңа сатып алушыларды жұмылдыру мақсатында үнемі маркетинг кампанияларын жүргізіп тұрады. Бұл қызмет ұсынушыларға өз бизнесін жылдам дамытуға және көп уақыты мен қаржысын үнемдеуге көмектеседі, – дейді жобаны басқарушы-негізін қалаушылардың бірі Евгений Виговский.

Нидерландтық лицензияландырылған екі төлем қызметі провайдерімен әріптестіктің нәтижесінде кіріктірілген онлайн-төлем шешімдері EU PSD2 талаптарына сай келеді.

Маркетплейс 2024 жылдың күзінде ресми іске қосылды. Қазіргі таңда сервиске 400-ден астам қызмет ұсынушы тіркелген, олар орыс, ағылшын және неміс тілдерінде қызмет көрсетеді. Платформа алдағы уақытта өзінің финтех-өнімдерінің көмегімен қызмет тұтынушыларды қаржыландыру әдістерін енгізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға