Жаңалықтар

Қазақстандық колледж студенттері Венгриядан атом, Қытайдан дрон құрастыруды үйренеді - Бейсембаев

Қазақстандық колледж студенттері Венгриядан атом, Қытайдан дрон құрастыруды үйренеді - Бейсембаев
Фото: ©El.kz/Ақмарал Ағзамқызы 11.02.2025 12:09 176

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалінің ашылуында министрліктің жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі фестиваль осы бастаманың жарқын көрінісі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік «Жұмысшы мамандықтар жылын» ұйымдастыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Үкімет қаулысын бекітті. Үкімет жанынан арнайы комиссия құрылды. Бұл шараларды іске асыруға барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысады. «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары 7 бағытты қамтитын 70 іс-шарадан тұрады, - дейді Ғани Бейсембаев.

Жұмысшы мамандықтарды оқыту үдерісін трансформациялау бойынша жол картасы бекітілген.

Кәсіптік техникалық білімді дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екені белгілі. Осы орайда министрлік техикалық және кәсіптік техникалық білім жүйесін трансформациялау бойынша жол картасын бекітті. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыруды 437 мың теңгеден 912 мың теңгеге дейін, яғни 2 есеге дейін көтеру көзделіп отыр, - дейді министр.

Енді колледж студенттерін жатақханамен қамтамасыз етуді жергілікті органдар өз жауапкершілігіне алады.

270 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту, жұмыс берушілер мен жеке инвестицияларды тарта отырып, жаңартылатын болады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар колледж студенттерін жатақханамен толықтай қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - дейді Ғани Бейсембаев.

Қазіргі таңда небәрі 518 кәсіпорын қамқорлық көрсетіп отыр, алдағы уақытта мұндай 4 мың кәсіпорын колледждерге бекітіледі.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» жоспарында қамтылған негізгі іс-шаралардың бірі - еліміздің 10 колледжін интернационализациялау. Оның негізгі мақсаты - еліміздің колледждерінің жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырып, білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

Мысалы, Венгрия елінен атомдық энергетика, Қытай елінен ІТ бағытта, дрондар жасау және көлік жасау мамандарын даярлау тәжірибесін енгізу жоспарланып отыр, - дейді Ғани Бейсембаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға