Жаңалықтар

Қазақстандық керлингшілер Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық керлингшілер Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: Харбиндегі Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті 05.02.2025 17:19 105

Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы қысқы Азия ойындары аясында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қатар құрамасымен кездесті.

Қазақстандықтар бұл ойында 7:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – біздің керлингшілер үшін алғашқы жеңіс. Бұған дейін Сейітжанова мен Надирбаев Оңтүстік Корея мен Қытайға жол берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға