Қазақстандық каскадерлер Джеки Чанның жаңа фильмінің түсірілім алаңында болды
Қазақстанның «Nomad Stunts» халықаралық кәсіби каскадерлер тобы әлемге танымал актер, каскадер, режиссер әрі продюсер Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Армандар орындалады. Джеки Чанмен танысып, оның жаңа фильмінің түсірілім алаңында болдық. Әзірге басқа ештеңе айта алмаймыз. Бірақ алдағы уақытта жақсы жаңалық күтіңіздер», - деп жазды каскадерлер Instagram-дағы ресми парақшаларында.
«Nomad Stunts» каскадерлері «Disney» түсірген «Мулан», Netflix-тің «Томирис», «Корольге хат», Киану Ривз басты рөлде ойнаған «47 ронин», «Неудержимые 2», «Рэкетир 2», «Анаға жол», «Шал» сынды фильмдерге қатысқан.
Топты 2000 жылы трюк қоюшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Күнғожин құрған болатын.