Жаңалықтар

Қазақстандық каратэші Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық каратэші Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: ©Olympic.kz/Сали САБИРОВ 06.10.2023 15:54 640

Әсел Қанай Азия ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Әсел Қанай Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. 

Әсел қола медаль үшін жекпе-жекте ирандық татами шебері Атоуса Голшаднежадтан басым түсті. Қазақ каратэшісіне жеңіске жету үшін бір ғана ұпай жеткілікті болды.

Ұлттық құрама спортшысы іріктеуде Аднан Закияны (Малайзия), одан кейін Кристин Лиді (Филиппин), жартылай финалда Нгоан Тхи Нгуеннен айқасын асырды. Әсел былтыр Азия чемпионатында жекелей және командалық сында топ жарған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға