Қазақстандық гимнаст Универсиадада алтын жүлде жеңіп алды
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
07.08.2023 15:00
865
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ жазғы Универсиадада гимнастшы Милад Карими алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осының алдында ол еркін жаттығу бойынша 2-орын және тіреп секіруден қола жүлде иеленген еді.
Милад Карими кермедегі жаттығу финалында 14.800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанды. Үздік үштікке Қытай және Жапония спортшылары орналасты.
Бұған дейін спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов гимнастикалық ат үстіндегі жаттығуда 15.266 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанса, еркін жаттығуға қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Патанин 13.566 ұпай жинап, 5-орынға ие болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі жылда отбасындағы жанжалдан 300 адам қайтыс болды