Жаңалықтар

Қазақстандық экспорттаушыларға Гонконгте өкілдіктер ашу ұсынылды

Қазақстандық экспорттаушыларға Гонконгте өкілдіктер ашу ұсынылды
Фото: ҚР СИМ 14.09.2023 22:49 684

Қазақстанның Cауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Гонконгке сапары аясында Гонконгтің Коммерция және экономикалық даму хатшысы Алджернон Яумен өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Бұл туралы СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Басты бағыт - қазақстандық агроөнеркәсіптік өнімдерінің экспорттын жеткізу. Гонконг аумағында егістік жерлер мен табиғи ресурстар аз. Жыл сайын халық санының өсімін ескере өңір бүкіл әлемнен азық-түлік тауарларын 95%-ға дейін импорттайды.

Ол үшін арнайы әкімшілік ауданда рұқсат етілген өнімді әкелудің либералды режимі құрылды. Арман Шаққалиев қазақстандық жоғары сапалы және таза өнімдерді жеткізуді ұлғайтуды ұсынды. Бұл ет (сиыр еті, шошқа еті, құс еті), өңделген тағамдар, премиум сегменттегі өнімдер мен басқасы.

Бұл ұсынысты Қытай тарапы қолдады. Сонымен қатар, Алджернон Яу азық-түлік экспорттаушы компаниялардың өкілдіктерін Гонконгта ашуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Гонконг ҚХР-мен сыртқы экономикалық байланыста маңызды рөл атқарады, Азияның ең ірі қаржы орталығы және Оңтүстік Қытайдың маңызды сауда-көлік торабы болыпкеледі. Гонконг экономикасы инвестицияларды қорғаудың жоғары деңгейімен және сауда мен капиталды жылжытуда минималды шектеулермен ерекшеленеді. Гонконгте ірі экспорттаушы компаниялардың жеке өкілдіктерінің ашылуы материктік Қытайдың ғана емес, АСЕАН елдерінің де нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.

Сауда кедергілерін тезірек жою үшін Арман Шаққалиев қазақстандық ет өнімдерін өндірушілерді Гонконг нарығына аккредиттеу жөніндегі жұмысты жеделдету, сондай-ақ елдеріміздің кеден қызметтері арасында уәкілетті экономикалық операторлар бағдарламасына қол қоюды жеделдету туралы өтінішін білдірді. Бұл қазақстандық тауарларды Гонконгке әкелуді ресімдеу рәсімін жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар келесі жылы ынтымақтастықты жандандыруға және жергілікті тұрғындарды қазақстандық тауарлармен таныстыруға және бизнес қоғамдастықпен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін Гонконгтегі импорттық тауарлар мен тамақ өнімдерінің халықаралық көрмелеріне қатысуға келісті. Сонымен қатар, Qaztrade сауда саясаты орталығының желісі бойынша серіктестер мен Қазақстан аумағында экспортқа бағдарланған бірлескен өндірістер құру мүмкіндіктерін іздеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға