Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогында жүлдегер атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
18.03.2024 02:21
769
Қазақстандық дзюдошы Ақерке Рамазанова Ригада өтіп жатқан Еуропа кубогының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта белдескен ол шешуші белдесуде Стасулите Рюжиледен (Латвия) басым түсті.
Айта кетерлігі, ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық жарысқа 26 елден 313 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы аталған жарысты 2 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде үшінші орынмен аяқтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы ЖОО-да Академиялық жазу орталығы ашылады
Келесі жаңалық
Астанадан 54 мың текше метрден астам қар шығарылды