Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
25.04.2025 13:17
169
Қазақстандық дзюдошы Нұраділ Әлжан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ширек финалдық белдесуде Әлжан екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері оңтүстіккореялық Харим Лимен кездесті.
Негізгі уақытта қос спортшы да жеңімпазды анықтай алмады. Белдесудің тағдыры қосымша уақытта шешіліп, онда қазақстандық балуан тиімді әдіс жасап, жеңіске жетті.
Осылайша, Нұраділ Әлжан Азия чемпионатының финалына шығу үшін күресетін болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде 37 градусқа дейін ыстық болады