Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте 15-орынға көтерілді
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
27.03.2024 17:39
759
Грузия астанасы Тбилисиде өткен дзюдодан Grand Slam турниріндегі жеңісінен соң қазақстандық Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте жоғарылады. Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
60 келі салмақта сынға түскен Нұрқанат Тбилисидегі жеңісі үшін 1000 ұпай еншіледі. Нәтижесінде, қазақстандық спортшы 20-орыннан 15-орынға көтерілді.
Ал олимпиадалық рейтинг әлі жаңарған жоқ.
Айта кетелік, Нұрқанат Серікбаев Антальяда өтетін Grand Slam турнирінде де бақ сынайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға